Аймақ спортшылары үлкен додаға дайындалып жатыр. 11-17 тамыз күндері Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының XXIII Халықтық спорт ойындары өтеді. Ауқымды шара ҚР-ның Спорт күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Облыс орталығында өтетін жарысқа, өңірдің 13 қаласы мен ауданынан мыңнан аса спортшы қатысады. Ал шараға 200-ден астам төрешілер, еріктілер мен техникалық қызметкерлер тартылып отыр.
Саят Сағынғанов, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары м.а:
Ағымдағы жылдың 11-17 тамыз аралығында біздің Өскемен қаласында 13 спорт түрінен өтеді. Ойындарға облыстың он үш қаласы мен аудардарнан 1130 адамның қатысуы жоспаларған. Яғни, үстел тенис,і жеңіл атлетика, волейбол, ұлдар қыздар президенттік көп сайысы, гр көтеру, қол күресі, арқан тартыс, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, футбол, асық ату және садақ атудан.
Доданың мақсаты - ұлттық спортты дәріптеу, жас ұрпаққа оны насихаттау. Бұл - бабалардан жеткен мәдени мұраны сақтау мен жаңғыртудың бір жолы. Бұдан бөлек, бұл жарыс - алдағы Республикалық ауыл ойындарына облыс спортшыларын іріктеудің маңызды кезеңі.
Саят Нұрғалиев, Облыстық спортты дамыту орталығының директоры:
Бұл шараның негізгі мәні - өңірде халық ойындарын кеңінен танытып, ұлттық мәдениетті ұлықтау. Бұдан бөлек,спортшыларды қыркүйекте өтетін республикалық ауыл ойындарына дайындау.
XXIII Халықтық спорт ойындары - тек жарыс емес, ел ішіндегі бірлікті, ұлттық рухты нығайтатын маңызды мәдени-спорттық шара. Мұндай ауқымды жиындар спортты дамытуға серпін беріп қана қоймай, жас буынға үлгі болары сөзсіз.
БЕКАРЫС СЕКЕН