Жыл басынан бері облыста жедел ішек инфекциясына қатысты 315 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 20 пайызға көп. Дегенмен, мамандардың айтуынша, топ болып ауырғандар немесе жаппай улану оқиғалары болмаған. Жалпы жағдай – тұрақты. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина брифинг барысында баяндады.

Ішек инфекциясын жұқтырғандардың көбі – Өскемен тұрғындары. Мұнда 178 жағдай анықталған. Ауру белгілері Глубокое мен Алтай аудандарында, сондай-ақ Риддер қаласында да кездесуде. Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар ротавирустық энтерит және сальмонеллезбен ауырып жатыр.

Сәуле Слямғазина, Облыстық СЭБД басшысының орынбасары:

Өткен жылдың алты айында сальмонеллез инфекциясының 8 жағдайы тіркелген. Биыл 8 жағдайдан 3 жағдайға төмендеген. Ротавирустық энтериттің биыл 6 айында 19 жағдайы тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық 6 жағдайға өскен.

Жаз мезгілінде мұндай аурулардың кездесуі жиілей түсетіні белгілі. Себебі, ыстықта түрлі бактериялар тез көбейеді. Ауру асқынып кетсе, ағзаға су жетіспей, адам улануы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер қарапайым гигиена ережелерін сақтауды еске салады.

Сәуле Слямғазина, Облыстық СЭБД басшысының орынбасары:

Ішек инфекцияларының алдын алу қарапайым гигиенаны сақтауды қамтиды. Жеке бас гигиенаны қатаң сақтаңыз. Қолды сабындап жуыңыз. Тек қайнатылған, бөтелкедегі немесе сапасы дәлелденген суды ішіңіз. Көкеністер, жемістер , жидектерді ағын сумен жақсылылап жуып, содан кейін қайнаған сумен шайыңыз.

Мамандар ескерткендей, аурудың алғашқы белгілері пайда бола бастағаннан-ақ дәрігерлерге көріну керек.


Талант Тұрсынов