Облыс әкімдігінде кезекті кеңейтілген отырыс өтті. Басқосуда өңірдің жарты жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы уақытқа арналған міндеттері қаралды. Әлеуетті арттырудың басым бағыттары - кәсіпкерлік, туризм, өндірістік өңдеу, цифрландыру және цифрақұрылым екендігі анықталды.
Өңір экономикасы тұрақты дамып келеді. Әр салада өсім бар. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері дамудың түрлі көрсеткішінде ілгерілеу байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 101%-дан асқан.
Динара Жұманова, Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының м.а:
Экономикалық жүйе құрылымында негізгі орынды жұмыс орындары алады. Бұл жалпы көрсеткіштің 41 пайызына тең. Алайда саладағы көрсеткіштердің төмендеуі 8 пайыздан асқан. Ал өңдеу өнеркәсібінің үлесі жалпы құрылымда 70 пайызды құрайды. Бірқатар кәсіпорындар мен геологиялық нысандарда жұмыстар шектеулі аймақта жүргізілуде. Бұл, негізінен, халықаралық және тәуелсіз сараптамадан өтуге байланысты. Мәселе бақылауға алынды. Қажетті шешімдер қабылданды. Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібінде өсім болады деп күтілуде.
Мемлекет басшысының 2029 жылға дейінгі экономикалық өсімді екі еселеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өңірлік жобалық кеңсе құрылған. Қала мен аудандар бойынша даму нүктелерінің бесжылдық жоспары мен «Жол карталары» бекітілген. Елдімекен басшыларымен нақты жоба мен шаралардан тұратын меморандумдар жасалды.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Өңдеуші өнеркәсібін одан әрі дамытуға интвестициялар тартуға және туризмді дамытуға ерекше назар аудар отырып, қалалар мен аудандардың экономикалық өсу нүстелері бойынша жоспарларды іске асыруды ескеру мен облыс экономикасын әртараптандыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын. Ұсынылған ШҚО 2025 ж бірінші ж.ж әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 ж екінші ж.ж арналған міндеттері туралы қаулы жобасы негізге алынсын.
Өңірде шағын және орта бизнестің жалпы өнімдік үлесін 24%-ға дейін арттыру көзделген.
Облыс әкімі атап өткен дамушы бағыттар халықты жұмыспен қамтуға, табысты арттыруға және бюджетке түсетін салық көлемін көбейтуге мол мүмкіндік бермек.
ДИДАР ЕРБОЛАТҚЫЗЫ