Шомылу маусымының басталуымен бірге судағы қауіпсіздік мәселесі де күн тәртібіне шықты. Аймақтың құтқарушылар тобы су айдындарындағы бақылауды күшейтіп отыр. Оған себеп төрт адамның суға кетуі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖД-нің өкілдері баяндады.
Құтқарушылардың айтуынша, қауіпсіздік шаралары тек шомылу орындарында ғана емес, балалар демалыс лагерьлерінде де күшейтілген. Облыс бойынша 500-ден астам профилактикалық шаралар өткен. 32 құтқарушы-жасақшы арнайы оқытылып, Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасына жаңа құтқару бекеті қойылған.
ЕРІК ТҰРСЫНҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:
Рейдттік шаралар жүргізу барысында бізде көбінесі халықтардың қауіпсіздік ережелерін сақтамау бойынша арнайы фактілер тіркеледі. Яғни айта кетсек, бізде бүгінгі күнде 1 маусымнан бастап 29 адам әкімшілік құқықтық жауапкершілікке тартылды. Олардың көбі су қауіпсіздік ережелерін сақтамау.
Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, шомылуға рұқсат етілген 25 учаске анықталған. Ал 74 жерде суға түсуге, 29 орында шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған. Бұл - рұқсат етілмеген, қауіпті жерлерде орын алатын қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жасалған шара.
ИСХАР САВАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Су айдындарында қауіпсіздік мақсатында кешенді алдын алу шаралары жүргізілуде. Рейдтік шаралар, түсіндіру жұмыстары, және басқа да түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Алайда атап өту керек, шомылу маусымы басталғалы бері облыста 4 адам суға кеткен, олардың екеуі – кәмелетке толмаған. Суға кетуінің басты себептері өз күштерін дұрыс бағаламау және қауіпсіздік ережелерін елемей, тыйым салынған жерлерде шомылу. Өңірдің табиғи ерекшеліктерін ескерсек, мұнда тау өзендері өте көп. Суық су, ағыстың жылдамдығы, тереңдігі - бәрі қауіп төндіреді.
Су жағасында тәртіпке бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қауіпсіздік талаптарын бұзған 28 адамға шара қолданылған..
ЕРІК ТҰРСЫНҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:
Азаматтардың Облыс әкімдігі бекітілмеген жерлерде суға түсуі бойынша фактілер тіркелді. Екінші, бап бұл 412 бап көбінесе арнайы жабдықталмаған тексерілмеген жерлерге сүңгуі, арнайы ескерту белгілерін елемеуі, қайғылы жағдарларғс әкеп соғатын балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру.
Судағы әрбір қайғылы жағдай - қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары. Шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге бармау, суға түсу кезінде қауіпсіздік құралдарын пайдалану - өз өміріңізге деген жауапкершілік. Ата-аналар да балаларын қараусыз қалдырмауы тиіс. Себебі, жазғы демалыс қызықпен қатар қауіп те төндіруі мүмкін. ТЖД мамандары судағы қауіпсіздікті сақтап, тек арнайы жабдықталған жағажайларды таңдауға шақырады.
Бекарыс Секен