Қазақстанда атом электр стансасы салынатын болса оның құрылысы мен қауіпсіздігін түрлі халықаралық ұйымдар бақылайды. Оған қоса стансаның қуаттылығына байланысты ең озық технология қолданылады. Ал оның құрылысы аз дегенде 10-15 жылға созылады. Осы аралықта еліміздегі техникалық жоғарғы оқу орындары шетелдік әріптестерімен бірге қажетті мамандарды да даярлап үлгереді. Ол мамандар қазір әлемнің әр елінде жұмыс істеп тұрған реакторлардың тәжірибесімен таныса алады. Бұл қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға негіз болады. Атом саласын зерттеп жүрген мамандар Өскеменде бас қосып экологиялық қауіпсіздік мәселесін талқылады.