Өндірісті өлкенің экономикасына барынша үлес қосып келе жатқан ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны тұрақты. Мәселен, агоөндірістік кешен жұмысын ілгерлету, инновациялық технологияларды қоланысқа енгізу бұл салаға серпін береді. Мал, өсімдік шаруашылығында жүзеге асқан табысты жобалар өнім өнімділігін арттырып, өзге мемлекеттер нарығында сұранысқа ие болуда. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалардың да шарапаты тигенін ескерген жөн. Шаруаларға берілетін жеңілдетілген несие мен субсиядия мөлшерін ұлғайту алда орындалуы тиіс жоспарлы жұмыстың оң нәтиже беруіне ықпал етері сөзсіз. Осы және өзге де мәселер бүгін өткен агрофорумда айтылды.

Алғаш рет ұйымдастырылған форумға 300 аса адам қатысты. Жиналғандар алдымен ауыл шаруашылығы техникалырының көрмесін аралап, отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты. Арнайы келген аудан әкімдері мен кәсіпкерлер, шаруа қожалығы басшылары мен сала мамандары майлы және дәнді дақылдар тұқымы, тыңайтқыш түрлерімен танысуға мүмкіндік алды. Форумда сөз алған облыс әкімі ауыл шаруышылғы саласының өңір экономикасының дамуына қосқан үлесі зор деді.

Форумға қатысқан ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин азық-түлік қауіпсіздігі, шаруаларға берілетін жеңілдетілген несие және биылғы елдегі көктемгі егу жұмыстары туралы айтты. Ол өз сөзінде егістік көлемі біршама ұлғайғандығын жеткізді.

Бүгінде облыста 8 сүт өңдеу кәсіпорыны бар. Олар күніне 500 тоннадан аса сүт өңдеуге қауқарлы. Ауыл шаруашылығы саласында заманауи технологияны қызмет барысында қолдану қажет. Сондықтан қожалық иелері ұшу аппараттарын яғни дрондарды қолданысқа енгізуде.

Форумда саладағы қордаланған мәселелер де талқыланды. Мәселен, егістік алқаптарын әртаптандыру, жоғары рентабельді дақылдарды өндіру және өңдеу, мал шаруашылығын дамыту жайы да сөз болды.