«Таза Қазақстан» акциясы аймақта үздіксіз жалғасып келеді. Бүгін Ұлан ауданының жастары, «Jasyl El» еңбек жасағының сарбаздары Сартымбет көлінің жағалауын қоқыстан тазартты. «Таза жағалау» атты шараға жиналғандар демалыс орнын қоқыс алаңына айнлып кетпеуін мақсат еткен. Игі бастамаға арна тілшілері де қатысып қайтты.

Сартымбет көлінің жағасында өткен экологиялық акцияға қатысушылар пластик бөтелкелер мен шыны сияқты қалдықтарды жинап, демалушылар ластап кеткен орындарды ретке келтірді. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараға 40-тан астам ерікті қатысты.

БАУЫРЖАН БИҒАЛИЕВ, ҰЛАН АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бізде осы ұлан ауданында барлығы біледі туристік жерлер өте көп, Сібі және Дубағалы көлдері. Бірақ ол жерлерде өз кәсіпкерлері бар. Сол маңайды жинайтын. Осы сартымбет көлі бізде жабайы жағалау деп аталады. Сондықтан бұл жерде кәсіпкер жоқ өз күшімізбен жинайық деп шештік. Үйткені әр демалыс сайын мұнда туристтер өте көп дем алады.

 «Jasyl el» еңбек жасағының сарбаздары табиғатқа жанашырлықты тек сөзбен емес, іспен дәлелдеуде. Солардың бірі – Назым Советбекова. Ол аудан жастары акцияға бар құлшыныстарымен кіріскенін айтады. Себебі, ұландықтар туған жердің гүлденуіне күн сайын үлес қосуды мақсат еткен.

НАЗЫМ СОВЕТХАНОВА «JASYL EL» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ САРБАЗЫ:

Қоқыс тағы да басқа газ балондарын тастап кетіп жатады. Біз ондай нәрселерге жол бермеуіміз керек. Соның барлығы өзіміздің денсаулығымызға кері әсерін тигізеді. Мына жерде адамдардан басқа да тіршіліктер бар. Оларға да зияны тиеді. Қаншама балықтар қоқыстардың ішінде тіршілігін жоюда. Сондықтан да адамнан басқа тіршілікке де зиянын келтіреді. Оның барлығын жинап тиянақты қару керек.

Жағажайдағы тазалық жұмысына демалушылар да қатысты. Өңірдің көрікті орындарына, демалыс аймақтарының жай күйіне бей-жай қарамайтын азаматтар түгелдейкөл маңына жиналды. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған осындай шаралар ең алдымен азаматтардың экологиялық мәдениеті мен табиғатты аялауға деген жауапкершілігін арттырады

АМИНА БАЙКӨКШІНОВА, ШАРАҒА ҚАТЫСУШЫ:

 «Біз бұл жаққа жиі келеміз. Су тап-таза, табиғаты да керемет. Осындай көрікті жерлерді таза ұстау қажет. Сондықтан мұнда демалуға келген әр азамат айналаға қоқыс тастамауы қажет. «Таза Қазақстан» бұл бір реттік емес, қазіргі таңда жалпыұлттық сипатқа ие ауқымды шараға айналды. Облыс тұрғындары әр бастамадан шет қалмай келеді.

 «Таза Қазақстан» акциясы шын мәнінде тұрғындардың бірлігін арттырған, тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастамаға айналды.


НҰРТАС ҚАЙРОЛДАЕВ