Глубокое ауданында әлеуметтік және туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары белсенді жалғасып жатыр. Жуырда БАҚ өкілдеріне жүргізілген пресс-тур барысында үш маңызды нысан көрсетілді. Олар — заманауи амбулатория, жаңа мектеп және туристік аймақта салынып жатқан SPA-кешені.

Бұрын ауыл дәрігерлері күн сайын ондаған науқасты ескі ғимаратта қабылдап келген. Енді бұл мәселе шешімін тауып, Прапорщиково ауылында жаңа амбулатория ашылды. Кең кабинеттер, заманауи жабдықтар мен жайлы жағдай –медициналық қызмет сапасын арттырып қана қоймай, дәрігерлердің жұмысын да жеңілдетті.

Нұрлыбек Оспанов, Прапорщиково ауылдық дәрігерлік амбулаториясы бас дәрігерінің орынбасары:

Біз мұнда бір жылдан бері қызмет атқарып келеміз. Бұрын ескі, жабдықталмаған ғимаратта еңбек еттік. Қазір заманауи, ыңғайлы және жайлы ғимаратқа көштік. Екі учаскелік дәрігер, жалпы тәжірибе дәрігері бар. Процедуралық кабинет, физиотерапия кабинеті жұмыс істейді, 4 орындық күндізгі стационар да бар. Алдағы уақытта стоматология кабинетін ашу жоспарда тұр.

Ауыл тұрғындары бұрын медициналық көмек алу үшін ұзын сонар жол жүріп, қалаға сабылатын. Медициналық кешенді халық ұзақ күткен.

Нина Кузнецова, Глубокое ауданының тұрғыны:

Жаңа амбулатория ғимаратын 10 жылдан астам күттік. Қанша жылдан бері әкімдерге өтініш айтып келдік. Өткен жылы өтінішімізді қабыл алды. Күзде жаңа ғимарат салынды. Біз сыртынан тамсанып жүрдік. Іші кең, әдемі, қолайлы. Кіргенде көз тартады, жайлы атмосфера.
Тағы бір қуаныш. Белоусовка кентінде жаңа мектеп бой көтерді. Бұған дейін, оқушылар мектептің тар кабинеттерінде білім алып жүрген еді.

Айымгүл Смағұлова, Глубокое аудандық білім бөлімінің бас маманы:

Белоусовка жалпы білім беретін номері екінші мектебі аралас типтегі мектеп болады. Мектептің бағыты- инновациялық, техникалық. Мектепке қабылдау.... 22 сынып ашу ойда бар... болашағына құйылған инвестиция.

Тұрғындар жаңа мектеп оқушылардың білім мен тәрбие алуына ғана емес, бос уақытын тиімді өткізуіне де мүмкіндік береді деп сенеді.

Құралай Боқаева, Глубокое ауданының тұрғыны:

Менің балам осы мектепте тәмамдады. Баламның қуанышында шек жоқ. Барлық жағдай жасалған... болып шығуына.

Пресс-турдың үшінші бағыты – Горная Ульбинка ауылындағы туристік аймақ. Мұнда «The Forest» мейрамханасының аумағында демалыс инфрақұрылымы дамып келеді. Алдағы уақытта мұнда SPA орталық салынады.

Санжар Дәлелхан, «The Forest Hills» мейрамхана-кешенінің басқарушысы:

Жоспарларымызда спа салон ашу осы жылы..... бітіру керек. Пейзаж, таза ауа... бар ойнайтын.

Кәсіпкерлердің айтуынша, туристер саны алдағы уақытта арта түседі. Себебі бұл аймақтың табиғаты шынымен де ерекше. Жүзеге асып жатқан жобалар – өңірдің дамып келе жатқанын, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын көрсетеді. Бұл өзгерістер аймақтың көркеюі үшін жасалып жатқан тың серпін.


Фатима Тілейханқызы