Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов аймаққа жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында еңбек нарығының жағдайы туралы мәжіліс өткізіп, өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын аралады.
Мемлекет басшысы биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Қазіргі таңда кәсіптік білім беру сапасын және жұмысшы мамандықтар мәртебесі мен беделін арттыруға жан-жақты назар аударылуда. Нарықта сұранысқа ие, қажетті мамандықтардың тізімі де жасалады. Бұл білім беру жүйесінде кадрларды даярлауға бағыт болмақ.
ЖАҚСЫЛЫҚ ОМАР, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Облысқа жүктелген міндеттемелерді аудан қалаларға басқармаларға барлығына бөліп бергенбіз. Әрқайсының міндеттемелері бар. Сондықтан бұған мән беру керек. Егер түсінбейтін жерлеріңіз болса сұрау керек. Асқар Сақтағанұлы 9 шы өңірге келіп осы жиналыстарды өткізіп отыр.
АСҚАР БИАХМЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ – МИНИСТРІ:
Жұмысшы мамандықтар жылының басты мақсаты - жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру. Қолдау. Осы жылмен ғана шектелмейді. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасын табады. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік органдармен қазір тиісті салалық жоспарлар қабылданды.
Жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов облыс орталығындағы ірі өндіріс ошақтарымен танысты.
МИХАИЛ ГУБИН, «ВОСТОКМАШЗАВОД» АҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ДАМУ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл жерде базистік цехтардың қоймасы да орналасқан. Мазут сақтау орындары да қарастырылған. Жалпы аумақ 48 мың шаршы метрге дейін кеңейтіледі. Қазіргі уақытта бас жобалаушы – Германия. Ал, бас мердігерлер – Қазақстаннан.
Бұдан бөлек, өндіріс орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
АСҚАР БИАХМЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ – МИНИСТРІ:
Бүгін 4-5 ірі өнеркәсіп орындарын көрдік. Ол жерде жоспарлары бар. Осы жылдың аяғына дейін жаңа жұмыс орындарын ашу, әсіресе “Арматурный” зауыты, “Востокмашзавод»біршама жобалар атқарылып жатыр.
Алдағы уақытта жұмыспен қамту шаралары одан әрі де жалғасын тауып, тұрақты бақылауда болмақ.
БЕКАРЫС СЕКЕН