Өскеменде дәстүрлі «Қазақстанның үздік тауары – 2025» байқауы, «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылардың өнімдері таныстырылды. Көрмеге аймақтың жетекші тауар өндірушілері қатысты.

 «Қазақстанның үздік тауары – 2025» байқауы жәрмеңке форматында ұйымдастырылды. Көрме отандық өндірушілерді қолдауға және олардың өнім сапасын арттыруға бағытталған. Шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, бұл бастаманың отандық бизнесті дамытудағы маңызын атап өтті.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Бұл көрме жергілікті тауар өндірушілеріміздің қандай жетістіктерге жеткенін танысуға, осы жерде келісімшарттар жасаса отырып, қолайлы бағамен тауарларды сатып алуға, жаңа серіктестер табуға мүмкіндік береді. Жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға арналған көрмеге облыстың 80-нен астам кәсіпкерлері қатысып отыр. Барлығына сәттілік тілейміз.

Байқауға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Мамандардың айтуынша, мұндай көрмелер мен байқаулар отандық брендтердің танылуына жол ашып, өндірісті дамытуға тың серпін береді.

Айжан Жәнгірханова, ШҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

Жыл сайынғы Қазақстанның үздік тауары байқауының мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау... атағына таласады.
Көрме қатысушылары өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, жаңа іскерлік байланыс орнатып, серіктестермен тікелей келіссөз жүргізуге мүмкіндік алды.

Талғат Бақтыбаев, Жеке кәсіпкер:

Қазіргі таңда жеке кәсіп бастап отырмыз. Бұл – сұйық сабын. Түстеріне, иістеріне қарай бөлінеді....қолжетімді қылып жасау.

Сергей Боков, «Бриссоль» ЖШС бас директоры:

Біз жүк және жеңіл көлікке арналған сүзгілерді өндіреміз. 2015 жылы «Қазақстанның үздік тауары» атағын алған едік. Сол уақыттан бері үздіксіз еңбек етіп келеміз.

Динара Мажиринова, «Альянс-Фарм» ЖШС менеджері:

Біз таңғыш, стерильді дәке, қорғаныш комбинезондарын шығарамыз. Қазақстанның барлық өңірінде өнімдерімізді таныстырып, түрлі көрмелерге қатысып келеміз.

Шара соңында «Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрме-байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Олар енді республикалық деңгейдегі байқауға қатысады. Ал «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері 5 миллион теңгеге дейінгі грантқа ие болады.


Фатима Тілейханқызы