Облыс әкімдігінде маңызды жиын өтті. Күн тәртібінде ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау, егіс науқанының барысы және өңірдің эпизоотиялық қауіпсіздігі мен ветеринария саласындағы мәселелер талқыланды. Жауапты басқармалар өз салалары бойынша есеп беріп, алдағы жоспарлары жайлы баяндады.

Аймақта халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Биыл бұл көрсеткіш 99,4 % - ға жетті.

НҰРЛАН РАМАЗАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

2024 жылы жалпы құны 38,1 млрд теңге болатын сумен жабдықтау 28 жобасын іске асыруға 14,8 млрд көзделген болатын. Жыл қорытындысы бойынша жоспарға сәйкес 12 жоба аяқталды. 214 км су құбыр желілері салынды және қайта жаңғыртылда.

Өңірде биыл мемлекеттік қолдау аясында ветеринариялық жобаларды іске асыруға 2 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді.

РАМИЛЬ САҒАНДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Шығыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта аса қауіпті инфекциялық ауру ошақтары тіркелген жоқ. Аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық іс шаралар жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Аймақ биыл егістік науқаны аяқталды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жұмыс белгіленген мерзімде аяқталған. Айта кету керек, Жол картасын іске асыру аясында биыл жем-шөп дақылдарын егу алаңдарын ұлғайту жоспарланған болатын.


БЕКАРЫС СЕКЕН