Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында кеңес мүшелері күн тәртібінде ұсынылған үш мәселені жан-жақты талқылап, тиісті шешім қабылдады. Бұдан бөлек, бірнеше салалық басқармалардың атқарылған жұмыстары сараланып, алдағы жоспар пысықталды.

Басқосу алдымен Тарбағатай ауданының мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау жөніндегі есебінен басталды. Өткен жыл бойынша жүргізілген шаралар мен олардың нәтижелері баяндалды. Кеңес мүшелері аудандағы оң нәтижелерді атап өтіп, бірқатар ұсыныстар айтты.

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының өткен жылға арналған есебі кеңес отырысында қаралды. Жиында басқарма басшысы Төлеген Жігітаев мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстарының тұрақты жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жиында Шығыс Қазақстан облысындағы басқармаларға бекітілген қызметтік автокөліктердің нысаналы мақсатта пайдаланылуы қаралды. Кеңес мүшелері бұл бағыттағы бақылауды күшейтуді ұсынды.

Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілерге бекітілген заң талаптары мен әдеп қағидаларын қатаң сақтауға шақырды. Әрі азаматтардың құқықтары,заңды мүдделерін қорғау керектігін тағы бір мәрте еске салды.