Ұлан ауданы, Бозанбай ауылында Қанипа Бітібаеваның туғанына 80 жыл толуына орай «Оқу процесінде инновациялық әдістерді тиімді қолдану жолдары» атты смеминар өтті. Жиынға ауданға қарасты 32 мектептің ұстаздары қатысты.

Семинарға жиналған ұстаздар қауымы әуелі ғалым-педагог Қанипа Омарғалиқызын еске алды. Шара ұлағатты ұстаздың мол мұрасын зерделей келе білім сапасын арттыруға бағытталған. Әдістемелік семинарға аудан мұғалімдерімен қоса Қанипа Бітібаеваның шәкірттері де қатысты.

Семинар аясында жас педагогтерге сабақты жосарлау мен тапсырмалар құруда жасанды интеллектіні қолдану тәсілдері көрсетілді. Пән мұғалімдері әртүрлі сыныптарға бөлініп шеберлік сағатынан дәріс алды.

Семинар ұстаздарға тың серпін беріп, білім берудегі жаңа тәсілдерді үйретті. Ал Қанипа Бітібаеваның бай мұрасы – жас мұғалімдер үшін тағылым мектебіне айналмақ.