Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 ә/б «Shygys Aibyn – 2025» облыстық әскери патриоттық жастар жиыны өтті. Өңірдің әр ауданынан келген командалар өзара кім мықтыны анықтады. Мектеп оқушылар арасында өткен дода «Жеңістің 80 жылдығы» мен Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылды.

Облыстық әскери патриоттық жастар жиынының ашылу салтанатына ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысты. Аймақ басшысының орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ауқымды шара ШҚО әкімдігінің, жастар ресурстық орталығының, қорғаныс істері департаменті мен "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының қолдауымен ұйымдастырылды. Қатысушылар әскери эстафета, белтемірге тартылудан жарысты. Пневматикалық қарудан оқ атып, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеп, жинады.

Сайыс қортындысы бойынша ІІІ орынды Риддер қаласының құрамасы иеленді. ІІ орын өскемендік «Арыстан» құрамасына бұйырды. І орынды Алтай ауданының «Сұңқар» әскери-патриоттық клубы еншіледі.

Облыстық кезеңде өзгелерден дара шауып, жеңімпаз атанған «Сұңқар» әскери-патриоттық клубы аймақ намысын Ақтөбеде өтетін республикалық сында қорғайтын болады.