Бүгін-Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Жыл сайын дәстүрге сай айтулы күн қарсаңында ірі кәсіпорындарда еңбек қауіпсізді, жазатайым оқитғалардың санын азайту, адам өмірі мен денсаулығына қатысты тақырыптарда түрлі жиындар өтіп, еңбегі еленген азаматтар марапатталды. Соңғы жылдары өндіріске инновациялық технологияларды енгізу әлеуметтік әріптестікті нығайту және халыққаралық талаптарға негізделген тұжырымдамалар талабын орындау бағытындағы жұмыс күшейе түсті.

Өңір экономикаcының ілгері дамуына серпін беретін түсті металдар кендерін өндіретін және өңдеумен айналысатын ірі кәсіпорындар біздің аймақта шоғырланған. Бұл ретте әр кәсіпорын не болмаса өндірісте еңбек ететін техникалық инспектордың жұмысын атап өту орынды. Мәселен, «Казцинк» ЖШС қызметкерлер қауіпсіздігін басты орынға қояды. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін кәсіподақ техникалық инспекторлар мен жауапты сала мамандары бірлесе жұмыс атқарады.

Жиында ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин өндіріске жаңа технологияларды енгізу, кәсіпорындардағы техникалық инспекторлар беделін арттырып, қоғамдық бақылауды күшейту өндірістік кеңес құруды заңнамалық тұрғыдан бекітілуі маңызды, - деді. Бүгінгі таңда елде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 11 мыңнан аса өндірістік кеңес бар.

Біздің өңір өндірісте зардап шеккендер саны бойынша Қарағанды мен Қостанайдан кейін үшінші орында. Жыл басынан бері өндірістерде 24 адам зардап шеккен. Қолданыстағы еңбек тәуекелдері картасында белгіленген негізгі басымдықтарды іске асыру нәтижесінде 4000 жуық азаматтың құқығы қорғалып, 1 миллион теңге көлеміндегі жалақы қарызы қайтарылған.

Бұл күні еңбегі еленген бірқатар азамат марапатталды. Солардың бірі – Жеңіс Досанов. Ол зауытта 20 жылдан бері балқытушы болып жұмыс істейді.

Әр кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту маңызды. Себебі, адамының өмірі мен денсаулығы бірінші орында.