Өскемендіктер республикалық «Таза қазақстан» акциясына белсене атсалысуда. Бұл жолы облыс орталығындағы бірқатар көшелер қоқыстан тазарып, ауқымды сенбілік өтті. Шараға еріктілер, студенттер, депутаттар және қоғам белсенділері қатысты.

Тұрғындарды экологиялық мәдениетке баулу мақсатында қалада түрлі бастамалар қолға алынған. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өскемендіктер екі ай бойы жалғасатын жалпықалалық сенбілікке қатысады. Басты мақсат – қаланы көркейтіп, табиғатты аялау.

Еріктілердің айтуынша, айналаны таза ұстау әр адамның өзінен басталады. Әрбір азамат өзінің туған қаласына жанашырлықпен қараса, қоршаған орта да жақсарады.

Әр сенбіліктен кейін қаланың келбеті айтарлықтай өзгеріп, көшелер таза әрі жайлы бола түседі. Мұндай игі бастамалар туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, әр тұрғынның табиғатқа деген жауапкершілігін нығайтады.