«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өскемендегі облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының аумағы қоқыстан тазартылды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандармен бірге ағаш көшеттерін отырғызыды.
Кітапхана ұжымы ұйымдастырған шараға мектеп оқушылары мен студенттер, қала тұрғындары, оқырмандар қатысты. Шара барысында «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты танымдық интерактивті ойын өтті.Қоршаған ортаны қорғауды үндейтін кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Акция аясында отыздан астам көшет отырғызылды. Кітапхана қызметкерлері игі шараны жыл сайын өткізуді көздеп отыр.
Экологиялық акцияға кітапхананың белсенді оқырмандары мен жас табиғат жанашырлары белсенді қатысты.
«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаға деген жанашырлық пен ұқыптылықты қалыптастыруды көздейді. Табиғатқа деген сүйіспеншілік дәл осындай игі істерден бастау алады.