Негізгі Жаңалықтар Шаңғы роллерінен чемпионат ұйымдастырылды

Шаңғы роллерінен чемпионат ұйымдастырылды

Риддерде шаңғы роллерінен «Ridder Roller Ski» ашық чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге елдің бірнеше өңірінен 200-ден астам жас спортшы қатысты. Қатысушылар спринт және жалпы старт бойынша еркін әрі классикалық жүріс әдісімен жарысты. Толығырақ келесі сюжетте.

Жарыс жолына жасөспірімдермен қатар, спорт ардагерлері де шығып, өз шеберліктерін ортаға салды. Биылғы чемпионатқа 200-ден астам спортшы қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл Риддерде шаңғы роллерінің қарқынды дамып, спорттың осы түріне қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Екатерина Кулакова, Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы:

Біз жыл сайын күзде шаңғы роллерінен «Ridder Roller Ski» чемпионатын өткіземіз. Бұл жарыстың тарихы тереңде жатыр. Алғашында шағын жарыстар ретінде басталған болатын. Бүгінде өз бренді қалыптасқан ауқымды чемпионатқа айналды.Биылғы жарысқа 200-ден астам спортшы қатысып отыр. Жыл сайын қатысушылар саны 200-ден кем болмайды. Жарысқа Олимпиадалық резерв мектебі, біздің мектеп-интернат, колледж командалары қатысады.Спортшылар Риддер мен Өскемен қалаларынан, сондай-ақ жарыстың қонақтары – Шемонаиха, Глубокое аудандары мен Серебрянск қаласынан келді. 

Жас спортшылар үшін бұл жарыс – өз мүмкіндіктерін сынап қана қоймай, спорттағы жаңа жетістіктерге бір қадам жақындауға мүмкіндік береді . Көпшілігі шаңғы спортына жеңіске деген мақсатпен келеді. Уақыт өте келе бұл жерден достар мен өзіне жақын жандарды табады.

Мұндай чемпионаттар жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, қаладағы бұқаралық спорттың дамуына серпін береді. Риддер тұрғындары үшін бұл – асыға күтетін спорттық мереке әрі бірнеше буынды біріктіретін жақсы дәстүр.

Бекарыс Әмірбек


Бөлісу