Негізгі Жаңалықтар Еңбек адамы – ел тірегі

Еңбек адамы – ел тірегі

Энергетика саласы ел экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Бұл салада еңбек ету асқан жауапкершілікті талап етеді. Жыл өткен сайын технологиялар дамып, олардың мүмкіндігі артуда. Сондықтан кез келген сала маманы жан-жақты болғаны абзал. Жанболат Тұрдыбеков сондай жандардың бірі. Энергетиктер әулетінің ізін жалғап, абыройлы еңбек етіп, кейінгі буынға өз білгенін үйретуде.   

Бір әулеттің ізін жалғап, энергетика саласын таңдаған Жанболат Тұрдыбеков бүгінде өз ісіне адал, білікті маман. Бұл әулеттің осы саладағы жалпы еңбек өтілі 146 жыл. Ол еңбекке деген адалдықты, өз мамандығына деген құрметті кішкентайынан көріп өсті. Техникаға да жақын болды. 

Жанболат Тұрдыбеков, «БЭСК» АҚ релелік қорғау және автоматика басқармасының бастығы: 

Бізде 5 ұрпақ жұмыс істейміз, атамыз жұмыс істеген 1997 жылы зейнеткерлікке шықты. Әкеміз жұмыс істеді. Әкемнің ағасы жұмыс істеді. Өзім жұмыс істеймін. Туған бауырым. Мен әріптестеріммен жұмыс істейтін бөлім релелік қорғаныш және автоматика бөлімі. Бұл бөлімнің артықшылығы көп жаңадан келген оборудованиелерді жаңалаймыз құрылғыларын, автоматикаларды. Біздің кәсіпорын бойынша 314 қосалқы станция бар. Оның ішінде 17 417 релелік қорғаныс құралдары бар. Солардың барлығы дұрыс жұмыс істеп тұруы керек. Халыққа үздіксіз электр энергиясы жетіп тұруы керек. 

Жанболат Тұрдыбеков өз еңбек жолын туған жері Зайсан қаласында қарапайым жұмысшы ретінде бастады. Атасы мен әкесінің қасында жүріп шыңдалды. Энергетика саласының қыр-сырын жетік меңгеруге тырысты. Ерінбеді. Еңбектенді. Ал бүгін соның жемісін көріп отырған азамат өз білгенін кейінгі буынға үйретуде. Оның мамандығына деген адалдығын, өзгелерге деген қамқорлығын, шыншылдығы мен біліктілігін әріптестері де жоғары бағалайды.  

Еділ Кендіржанов, «БЭСК» АҚ оқшаулау және диагностика бөлімі бастығының орынбасары:

Жанболатпен бірге істегенімізге 15 жылдан асты. Жанболат өзін әрдайым ұқыпты көрсетеді, бейімділігін көрсетеді. Мен білетін Жанболат әріптестеріне сыйлы, көмектесуге ұмтылып тұрад ы коллективте беделі жоғары жақсы маман.  

Ел игілігі жолындағы әулеттің қажырлы еңбегі еш кетпеді. Еңбек күнінде ұйымдастырылған шарада «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жүлделі орын иегері атанды.  

Салтанат Кеңесбекқызы 

Бөлісу