Негізгі Жаңалықтар «Ертіс - достық пен даму өзені» халықаралық форумы өтті

«Ертіс - достық пен даму өзені» халықаралық форумы өтті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Павлодарда өткен «Ертіс – достық пен даму өзені» атты халықаралық форумға қатысты. Жиында жолаушылар тасымалы, туризм, жүк тасымалы, өзен логистикасын дамыту және су ресурстарын сақтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Ертіс өзенінің бірыңғай паспортын әзірлеу бастамасы көтерілді.

Өңір басшысы өз сөзінде өзендегі кеме қатынасын дамыту мәселесін сумен қамтамасыз ету, энергетика, ауыл шаруашылығы және экологиялық қауіпсіздік бағыттарымен сабақтастыра қарау қажеттігін атап өтті. Шығыс Қазақстан облысы «Ертістің бірыңғай цифрлық паспортын» құруды ұсынып отыр. Ақпараттық жүйеде өзеннің тереңдігі мен су сапасы, жағалаулардың жай-күйі, балық қоры, кеме қатынайтын учаскелер және гидротехникалық нысандар туралы деректер жинақталады. Бұл өңірлерге тасымалды жоспарлау, өзен арнасын тереңдету жұмыстарын жүргізу және порт инфрақұрылымын дамыту кезінде өзара салыстырмалы әрі нақты ақпаратқа сүйенуге мүмкіндік береді.

Евгений Ковтун, Омбы облысының табиғи ресурстар және экология министрі:

Қазір құрылысқа, ең алдымен жол құрылысына қажетті инертті материалдар жеткізіліп жатыр. Екіншіден, логистика да бәрібір дамиды. Қазақстан аумағында Қытай, Қазақстан және кейін Ресей арасын байланыстыратын хаб құрылады. 

Аяулым Усинова


Бөлісу