Өскеменде «Казцинк» ЖШС ұйымдастыруымен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша алғашқы «Қорғаушы-Защитник» форумы өтті. Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орайластырылған шараға мемлекеттік орган өкілдері, мердігер ұйымдар қатысты.
Форумға қатысушылар өндірістік саладағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жиынның мәні осында. Форумда еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа бастамалар туралы айтылды. Отырыс барысында жұмыс үдерісін жетілдіріп, қауіпсіздікті арттыруға ықпал ететін бірқатар шешімдер де ұсынылды.
Ауқымды шараға «Казцинк» компаниясының бас директоры Жанат Жанботин қатысты. Ол мұндай форумдар тәжірибе алмасуға ғана емес, өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді енгізуге де ықпал ететінін атап өтті. Ал қатысушылар көрмеден алған әсерлерімен бөлісті.
Форум барысында «Казцинк» қызметкерлері заманауи инновациялық тәсілдерді қолдану жайлы тың ақпараттармен бөлісті. Форум аясында «Казцинк» мердігерлерінің өндірістік жарақаттардың алдын алуға бағытталған жұмыстары да айтылды.
Шара соңында қатысушылар бұл форум өндірістегі қауіпсіздік мәселелерін талқылап, тиімді шешімдерді табуға арналған маңызды алаңға айналғанын атап өтті.