Негізгі Жаңалықтар «Му Pro» облыстық мамандықтар фестивалі

«Му Pro» облыстық мамандықтар фестивалі

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыс әкімі бекіткен іс шаралар жоспарына сай «Мy Pro» облыстық мамандықтар фестивалі өтті. Оған 1000 аса мектеп оқушылары мен 14 колледждің өкілдері қатысты. Мақсат - мектеп оқушыларына мамандық таңдауға бағыт – бағдар беру және колледждердегі жұмысшы мамандықтар тізімімен таныстыру.

Алуа Сәрсен Өскемендегі №5 орта мектептің 9 сынып оқушысы. Медицина саласын таңдаған ол шара аясында Өскемен медициналық колледжінің өкілдерімен тілдесіп, өзіне қажетті ақпаратты алды.

Мұнда келгендердің дені 9 сынып оқушылары. Арасында 10 және 11 сыныпта оқитындар да бар. Әркім өзін қызықтырған сала бойынша колледж өкілдеріне сұрақтарын қойып, шеберлік сабақтарына қатысты.

Биыл облыс бойынша 9 141 бала 9 сыныпты, 4 377 оқушы 11 сыныпты тәмәмдайды. Олардың 60 пайызы облыстағы колледждерде білім алып, маман иесі атануға ниетті.

Осы сынды шара алдағы күндері Риддер қаласында өтеді. Оған 500-ден аса оқушы қатыспақ.

Бөлісу