Табиғатты аялау – әр азаматтың борышы. Аймақта «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» кең көлемде аталып өтті. Атаулы күнге орай Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы «Парктер шеруі» экологиялық акциясы аясында игі шара өткізді.

 «Мекенім – жасыл орманым» атты акция шеңберінде қорық қызметкерлері Риддер қаласына қарасты Колотушка тауының маңына 100 қылқан жапырақты және 50 жапырақты ағаш пен бұта отырғызды. Көшеттер «Риддер орман шаруашылығы» мен «Алтай ботаникалық бағы» мекемесі тарапынан тегін берілді.

Экологиялық акцияға 100-ге жуық аазамат қатысты. Олардың арасында еріктілер, ұстаздар, оқушылар мен студенттер де бар.

Акция аумақ¬¬тарды тазалаудан әлде¬қайда ауқымды шаралар шеңберін қамтиды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тек бір реттік шара емес. Жыл сайын жалғаса беретін игі дәстүрге айналмақ.