Таврия ауылында бірлік күні кең көлемде аталып өтті. 300-ден астам тұрғын қатысқан шарада әр этнос өкілдері бас қосты. Татулықты ту еткен мерекелік жиынға тілшіміз барып қайтты.

Мерекелік шара барысында Таврия ауылдық мәдениет үйінің халықтық хоры сахна төрінде ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аудан тұрғындары бейбіт өмір мен Отанға деген сүйіспеншіліктерін жүрекжарды тілектерімен жеткізді.

Мерекеге орай тұрғындар мен қонақтар жәрмеңкеде жайылған астан дәм татып, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Ұлан ауданы –ынтымағы жарасқан өңір. Олар үшін бірлік күні – жай мереке емес татулықтың көрінісі.