Өскемен халықаралық әуежайында Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Шараны Көліктегі полиция департаментінің Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімі ұйымдастырды. Мақсат - батырлардың ерлігін ұлықтап, келер ұрпақтың жадына сіңіру.
Желілік полиция бөлімі ұйымдастырған шара жиналған қауымды таңғалдырды. Сапарға шыққан жолаушылар бұл жолы әуежайда ерекше атмосфераға тап болды. Әскери киім киген өнерпаздар рухты көтеретін әндер орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.
Әуежай қызметкерлері ардагерлерге алғысын білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Тыныш аспан мен бейбіт өмір - сол майдангерлердің жанқияр ерлігінің жемісі екенін атап өтті.
Шара барысында Отан туралы және майдандағы ерлікті дәріптейтін әскери әндер де шырқалды. Мерекелік шара жолаушылардың ыстық ықыласына бөленді.
Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл мерекелік шара - ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат. Ардагерлерге құрмет көрсету - тарих алдындағы жауапкершілік. Осындай рухты шаралар өткенді ұмытпай, бейбіт болашаққа бастайтын жарқын жол болмақ.