Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов №97638 әскери бөліміне барды. Аймақ басшысына бөлімнің - командалық пункт, казарма, медпункт нысандары таныстырылды. Шара барысында тыл ардагерлері мен әскери қызметкерлерге алғыс хат табысталды.
Салтанатты шара №97638 әскери бөлімінде ұйымдастырылды. Бұл бөлім өз тарихын 316-гвардиялық миномет полкі ретінде бастаған.
Облыс әкімі тыл ардагері Юрий Новолоцкийге құрмет көрсетті. Еңбек жолын бар болғаны алты жасында бастаған қария соғыс жылдарында «Вулкан» колхозындағы сүт-тауар фермасында жұмыс істеген.
Бүгінде заманауи техникамен жабдықталған бұл бөлім жоғары жауынгерлік дайындықтың үлгісін көрсетуде. Әскери қызметкерлер мен жас сарбаздар бірлесіп, мықты қалыптасқан ұжым ретінде ел қорғанысын қамтамасыз етіп келеді.
Сапар соңында облыс әкімі бөлімнің асханасында сарбаздармен бірге әскери дастарханнан дәм татты. Әскер дәстүріне сай түскі асқа ботқа мен шай берілді. Бұл - Отан қорғаушылардың қызметі мен күнделікті тұрмысына деген құрметтің тағы бір белгісі болды.