Облыс орталығында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Өңір педагогтерін біріктірген алқалы жиында өткен оқу жылының қорытындылары шығарылып, жаңа оқу жылына арналған міндеттер белгіленді. Жиынға ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, әлеуметтік серіктестер, жоғары оқу орындарының ректорлары, ұстаздар қауымы қатысты.

Облыс әкімінің айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап мектептерде бірыңғай «Адал азамат» бағдарламасы енгізіледі. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары жасанды интеллектке негізделген заманауи технологиялармен жабдықталып, педагог кадрларды даярлау сапасы күшейтілмек. Ал, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ұстаздардың құқығын қорғау туралы заң аясында бірқатар жұмыстар басталып кеткенін мәлім етті.

Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

Кейбір өңірлерде ұстаздардың міндетіне жатпайтын жұмыстарға тарту, мектепен тыс болған оқыс оқиғларға ұстаздарды жазалау мәселесі әлі күнге дейін орын алып отыр. Бұл жағдайды болдырмас үшін мемлекет басшысы прокаратура органдарына мұндай құқық бұзушылықтарды тиюды тапсырды. Оқу-ағарту минситрлігіне осы ұстаздардың құқығын күшейтуді тапсрыды. Біз ол жұмыстарды бастап кеттік. Заңды күшейтеміз. Нақты заңда көрсететін боламыз.

Бұдан бөлек, жиында үздік педагогтер марапатталды. Ұстаздар Президент қолынан алған марапаттарының олар үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Гүлжайна Имашпаева, Өскемен қ. «Назарбаев зияткерлік мектебінің» биология пәні мұғалімі:

Биылғы жылы Президент қолынан өте үлкен «Құрмет орденін» иемденіп отырмын. Мен үшін бұл өте үлкен марапат деп есептеймін. Жалпы, бұл жол адамның еңбек жолындағы .. өте үлкен құрмет мен үшін.

Облыстық білім басқармасының басшысы Қуат Оқасовтың айтуынша, білім сапасын арттырып, рухани-адамгершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу тек бірлесе атқарылған еңбектің нәтижесінде мүмкін болады. Болашақта балалардың қандай болып өсетіні және өмірге қаншалықты дайын болатыны – білім саласы қызметкерлерінің ортақ еңбегіне байланысты.

Раушан Байсаринова, Өскемен қ. Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Биыл Президент қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» деген атағын алып жатырмын. Бұл мен үшін қуаныш, жауапкершілік. Отыз тоғыз жылдағы менің еңбегімнің бағаланғаны әрине қуаныш.

Үміт Ережепова, Өскемен қ. №6 «Күншуақ» балабақша- бөбекжайының директоры:

Биылғы жылы сондай бір мотивация, стимуль алып жатқан жағдайдамыз. ҚР Оқу-ағарту министрінің қолынан «Білім беру қызметінің құрметті қызметкері» төсбелігісіне ие болып жатырмыз. Біздің балабақша үшін бұл үлкен мотивация. Ұжым болып қуанып жатырмыз. Ризамыз.

«Тамыз конференциясында» жаңа оқу жылына арналған нақты міндеттер де белгіленді. Біріншіден, «Адал азамат» бағдарламасы білім берудің барлық сатысына енгізілмек. Сондай-ақ мектептердің бірыңғай ішкі дизайнын қалыптастыру жұмыстары қолға алынады. Балалар мен жасөспірімдер қозғалысы қайта жанданып, оқушылардың қоғамдық белсенділігі артады.


Фатима Тілейханқызы