1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Алтай ауданында бұл айтулы күн кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шаралар татулық пен өзара сыйластықтың айқын көрінісіне айналды.

Алаң төрінде — ұлттық рух пен өнер тоғысты. Мерекелік шара көпшілік назарын бір сәтте баураған — «Зыряночки» би ансамблінің флешмобынан басталды. Қазақ, славян, өзге де халықтардың билерінен өрілген өрнек – ұлттық мәдениеттің үндестігі мен ұрпақтар сабақтастығының айқын бейнесі.

Алтайдағы «Тәуелсіздік» аллеясында бой көтерген «Достық шаңырағы» – ел бірлігінің жарқын бейнесіне айналды. Көк аспан астындағы кең алаңда тігілген бұл символ – жүзден аса ұлт пен ұлысты ұйыстырып отырған Қазақстанның берекелі шаңырағы іспеттес. Фотоқабырғада – татулықты ту еткен халықтың жарқын сәттері. Әрбір сурет – бейбіт өмір мен біртұтас елдің үнсіз шежіресін көрсетет.

Ал, аудандағы этномәдени бірелстік өкілдері өнерлерін ортаға салып, ұлттық тағамдарын ұсынып, салт-дәстүрін көпшілікке таныстырды. Бір шаңырақ астындағы береке — елдегі достық пен татулықтың нақты бейнесі. Ал тұрғындар бұл мерекені — елдегі ынтымақ пен рухани тұтастықтың шынайы үлгісі дейді. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.