Облыс орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне және Ассамблеяның 30 жылдығына орай «Достық толқынында – 2025» атты жастар фестивалі өтті. Мерекелік шараға қаладағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері белсене қатысты. Жиын талантты жастардың басын қосып, бірлігін нығайтуға мүмкіндік берді.

Бұл жарыс облыстың жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің басын біріктірді. Фестиваль байқау емес, концерттік форматта өтті. Қатысушылар көрерменге ән, би және ұлттық нақыштағы көріністер ұсынып, шығармашылық қабілеттерін танытты.

Шараның мақсаты - жастардың шығармашылығын қолдау және бірлігін нығайту. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Студенттер мерекелік кешке тыңғылықты дайындықпен келген. Әр өнер көрсетілімінен жастардың жауапкершілігі мен шеберлігін аңғаруға болады.

Шара қорытындысында өнерлі жастар қаржылай марапатталды. Жоғары оқу орындарының шәкірттеріне 300 мың теңге, колледж жастарына 100 мың теңге көлемінде сыйақы табысталды.