Ұлан ауданында бокс спорты жылдан-жылға дамып келеді. Бұған аймақта өтетін дәстүрлі турнирлер дәлел. Таяуда Қасым Қайсенов кентінде былғары қолғап сайыпқырандары сынға түскен республикалық турнир өтті. Дүбірлі дода Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Қасым Қайсеновты еске алуға арналды. Мұнда 2010-2011жылғы жасөспірімдер бақтарын сынады.

Бокстан республикалық турнир 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Тіпті халықаралық деңгейде ұйымдастырылған кезеңдер де болған. Бұл жолғы жарысқа да әр өңірден келген кіл мықтылар жиналды.

Биыл Жетісу, Абай, Алматы, облыстарынан спортшылар келді. Облыстағы қалалар мен аудандардан да былғары қолғап шеберлері жиналды. 180-ге жуық спортшы өз күштерін сынады. Барлық қатысушылар турнирге тыңғылықты дайындықпен келген.

Ұйымдастырушылардың сөзінше аталмыш турнир жастар арасындағы спорттың дамуына сеп. Сонымен қатар, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге ықпал етеді.