Жеңістің 80 жылдығына орай оқушылар арасында «Алау» әскери-спорттық ойыны өтті. Жарысқа өңірдің аудан-қалаларынан 63 қатысушыдан құралған 7 команда қатысты.Әскери спорттық-ойын жетінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Тартысты додада жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының 12-14 жастағы 7-8 сынып оқушылары өзара кім мықтыны анықтады.

Жарысқа қатысушылар сап түзеп, өзара түрлі байқауларда бақ сынады. Әскери қаруды жылдамдыққа бөлшектеп, қайта құрастырды. Патриоттық әндер шырқап, әскери жобалар қорғады.

Сайыс жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. «Алау» ойынына қатысқан әр жас сарбаз жеңіске деген жігері мен елге деген сүйіспеншілігін көрсете білді.