Өскеменде әскери-патриоттық клубы мүшелері арасында «Жас сарбаз» байқауы өтті. Шараны ұйымдастырушылар – облыстық білім басқармасы мен Өскемен құрылыс-техникалық колледжі. Жеңістің 80 жылдығына орай ұымдастырылған байқау жастар арасында патриоттық тәрбие беріп, әскери тәртіпке бейімдеуді көздейді.
Сайысқа «Жас сарбаз» клубының ең үздіктері іріктеліп, таңдалып алынған. Жарысқа қатысушылар өздерінің ептіліктерін мен тапқырлықтарын жан-жақты көрсетті.
Байқау барысында ең алдымен сарбаздардың арнайы киілген формалары мен сапта өзін ұстауы тексерілді. Жарыс 4 кезеңнен тұрады. Мұнда капитандар арасындағы сайыс, топтық үйлесім, саптық жүру, саптық ән айту бойынша сарбаздар сынға түседі. Шара соңында үздіктер марапатталып, алғыс хаттар табысталды.