Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Облыс орталығындағы Қазақстан көшесінің бойында 38 түп қарағай көше отырғызылды. Экологиялық шараға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, мәслихат депутаттары, еріктілер мен студенттер қатысты.

Тіршілігі қайнаған облыс орталығын көгалдандыру экологиялық тұрғыдан тиімді. Қарағай –тозаң мен көлік түтініне төзімді әрі көпжылдық өсімдік. Ол табиғи сүзгі рөлін атқарып, шаһардың ауасын тазартып қана қоймай, ажарын да аша түспеді.

Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына студенттерді тарту жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жарқын көрінісі.

Егілген қарағай көшеттеріне мәслихат депутаттары өз қамқорлықтарын көрсетіп, жайқалып өсуіне жауапкершілік алды. Мұндай шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.