Риддерде жүздеген адам «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына қосылып, Батыс – Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында сенбілік ұйымдастырды. Игі шараға мемлекеттік қорықтың инспекторлары, колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.

Риддер қаласы бұл шараға жыл сайын белсенді түрде қатысады. Акцияға жиналғандар жол бойын тазалап, бірнеше тоннаға жуық қоқыс шығарды.

Қорық мамандарының айтуынша, мұндай сенбіліктер жастарға экологиялық тәрбие берудің тиімді құралы.

Шараны ұйымдастырушылар табиғатты қорғау бағытындағы бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.