«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Глубокое ауданына қарасты Секисовка ауылында жаңа медициналық пункт ашылды. Жобаның мақсаты-ауыл тұрғындарына сапалы және уақтылы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру.

Жаңа медициналық пункттің қолданысқа берілгеніне ауыл тұрғындары дән риза. Енді дертіне дауа іздеген ауыл халқы аудан орталығына бармай-ақ қажетті қызметті осында ала алады.

Медициналық нысан қажетті құрал-жабдықпен толық қамтылған. Бұдан бөлек, ауыл халқының денсаулығын нығайту, уақытылы профилактикалық және сауықтыру шараларын өткізу, скринингтік тексерулер жүргізуге де мүмкіндік бар.

Жаңа медициналық пункт ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттырды.