Облыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында дөңгелек үстел өтті. Жиынға мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық өкілдері, этнодемография саласындағы жетекші сарапшылар мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Шараның мақсаты - бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін насихаттау, жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Кездесуде Қазақстанның демографиялық дамуы, әлеуметтік тұрақтылық, мемлекеттік құндылықтарды насихаттау мен нығайтуға жастардың қатысуы сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Бұдан бөлек, өңірдегі мемлекеттік қызметшілер арасында патриоттық сезімді нығайтуға бағытталған жұмыстар нәтижесі жарияланды.
Қазақстан – көп этносты ел. Ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Бірлік пен келісімді нығайту жолындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.