Шығыстың event-индустриясы өкілдері арасында волейболдан «Shygys Madeniet Turnir» жарысы өтті. Турнирді Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының креативті индустрияны дамыту бөлімі ұйымдастырды. Доп додасына 10 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.
Турнир тек бәсеке ортасы ғана емес, медиа - қауымдастық арасындағы тікелей қарым-қатынас пен өзара байланысты нығайту алаңына айналды, дейді қатысушылар.
Турнирге қатысушылар өз шама-шарқынша дайындалып, жарысқа белсенді түрде қатысты. Спорттық шара өнер өкілдерінің жаңа қырынан танылуына мүмкіндік берді.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды ақындар құрамасы, ал екінші орын диджейлерге бұйырды, әншілер командасы турнир жеңімпазы атанды. «Shygys Madeniet Turnir» алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтетін додаға айналмақ. Ұйымдастырушылар турнирді жыл сайын өткізіп, қатысушылар қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр.