Өскеменде "Jastar ENERGY" қозғалысы өңірдегі жастар ұйымдарымен кездесу өткізді. Шараға Д.Серікбаев атындағы ШҚТ және С.Аманжолов атындағы ШҚУ ядролық-физика мамандығы негіздерін меңгеріп жүрген студенттер қатысты. Талқыға түскен тақырып аймақтағы энергетика саласын дамыту.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстан халқына жолдауында қазір әлемде энергия тапшылығы байқалатынын, елге сенімді және экологиялық таза қуат көзі аса қажет екенін айтты.

Сондай-ақ президент стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керектігін, ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуы тиіс деді. Ал "Jastar ENERGY" қозғалысының өкілдері «жасыл энергетиканы» дамыту қажет деген пікірде.

Өңір жастары елдегі энергетика саласын дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туады деп отыр.

Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында ел дамуының негізгі бағыт-бағдарын айқындап берді. Жалпы жолдауда айтылған шаруа шаш-етектен. Енді осы стратегиялық құжаттағы маңызды міндеттерді қалай іске асыру жайын Үкімет талқылап, ұлттық жоспар әзірлеуі тиіс.