5 қыркүйек -Қазақстан халқы тілдері күні. Атаулы күнге орай Глубокое ауданында мемлекеттік тілді үйрететін орталық ашылды. Мұндай орталықтар осыған дейін Ұлан, Риддер аудандарында іске қосылған еді. Аталған бастама аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың тапсырмасын жүзеге асырылуда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сай аймақта мемлекеттік тілді үйретітін 100 орталық ашу көзделген. Игі бастама бұл жолы Глубокое ауданына қарасты Уварово аулында жалғасын тапты. Жаңа орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне аудандық мәслихат төрағасы, қоғамдық кеңес мүшелері, салалық бөлім басшылары мен тілдерді оқыту орталығының мамандары қатысты.

Уварова ауылында мемлекеттік тілді оқытуды қолға алған Анна Яковлева. Анна Яковлева қазақ тілін жетік меңгерген мамандардың бірі.

Қазақ тілін меңгеруге құштарлық танытқандардың бірі-Екатерина Глушкова. Балабақша меңгерушісі мемлекеттік тіл бала тәрбиесінде алдыңғы орында болуы керек деген пікірде.

Дәл осындай тіл оқыту орталығы Березовка ауылында да ашылды. Мекеме керек-жарақпен толық қамтылған.

Мемлекеттік тілді үйрететін орталықтың басым бөлігін Глубокое ауданында ашу көзделген.

Алдағы уақытта осындай орталықтарды Глубокое ауданына қарасты бірнеше ауылда ашу жоспарланған.