С.Аманжолов атындағы ШҚУ-де «Жаңа Қазақстанның шекарашы батырлары» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара Отан алдындағы борышын өтеп жүріп қаза тапқан жерлес Раджан Батырханов пен Руслан Зәкиевтің ерлігіне арналды. Конференцияның негізгі мақсаты – жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені насихаттау.

Раджан Батырханов 1975 жылы 27 қаңтарда Қатонқарағай ауылында дүниеге келген. Сол елді-мекенде қызмет еткен. Ол 1994 жылы 28 қыркүйекте Тәжікстан республикасында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапты. Биыл шекарашының өмірден өткеніне 30 жыл толып отыр.

Ал тағы бір жерлесіміз Руслан Зәкиев Қазақстан-Өзбекстан шекарасында әскери борышын өтеген. 2009 жылы 8 қыркүйекте қызмет барысында қаза тапқан. Конференцияда шекарашы сарбаз туралы естеліктер айтылды.

Патриоттық шараға қатысушылар батырлардың өмірбаяны мен тарихын жіті таныды. Студенттер мен оқушылар айтылған ақпараттардың маңызды екендігін тілге тиек етті. Ерлікпен қаза тапқан шекарашылардың ерлігі өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі болмақ.

Өз өңірімізде өсіп, Отан алдындағы борышын өтеу барысында ерлікпен қаза тапқан батырларды ел есінде мәңгі сақтамақ.