Гір көтеруден әлем және азияның алты дүркін чемпионы, спорт шебері Айбол Слямбеков мектеп оқушыларымен кездесті. Ол жастарға өзінің жүріп өткен жолы, мансабы жайында баяндап берді. Спортшымен өткен шараға арна тілшісі де барып қайтты.

Айбол Слямбеков жас болсада спорт әлемінде көптеген жетістікке қол жеткізіп үлгерген. Ол жарысқа бар күш жігерін жұмсап, тыңғылықты дайындалады. Әр жүлденің артында тек қажырлы еңбек емес, тынымсыз талпыныс жатыр. Оқушылар спортшының қызықты әңгімелерін тыңдап, пікір алмасты.

Шарада спортшы құрмет төсбелгісімен марапатталды. Ал оқушылар чемпионмен естелік суретке түсті. Мұндай кездесулердің жастарға берер пайдасы мол дейді, ұйымдастырушылар.