Бүгінгі таңда ғылым экономиканың дамуына айрықша серпін беретін маңызды ресурс болып отыр. Ғылыми орталықтарда жүзеге асырылған инновациялық бастамалар жаңа өндіріс орындарының негізін қалауға жол ашып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жанындағы «Smart Engineering» құзыреттілік орталығының жұмысы осының жарқын мысалы болып табылады.

 «Smart Engineering» орталығы импортты алмастыруға бағытталған технологияларды дамытудың негізгі алаңдарының біріне айналды. Оның қызметі бірден бірнеше басым секторларды, соның ішінде машина жасау, тау-кен металлургия, агроөнеркәсіптік кешендер мен медицинаны қамтып отыр.

Бүгінде «Smart Engineering» командасында 17 адам бар. Дмитрий Догадкин студенттік кезінен бастап осы жерде еңбектенді. Инженер-зерттеушіге дейін көтерілді. Ол күн сайын импланттарды 3D басып шығару және дәл медициналық инженерия саласында тың бастамаларды жүзеге асырады. Нәтиже де жақсы.

 «Smart Engineering» құзыреттілік орталығы университет ғалымдары да тұрақты экономикалық өсудің негізін қалауға өз үлестерін қосып жатқандығының бір дәлелі. Мемлекеттік қолдау арқасында осындай жобаларды әзірлеуге және кеңейтуге мүмкіндік мол.

Ғалымдар мен дәрігерлер импланттардың әсерін бақылауды жалғастыруда. Ал бұл технологияның қазақстандық клиникаларда қолданысқа енетін күні де алыс емес.