Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», - деді президент. Яғни қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс. Өңірдегі оқу орындарының оқытушылары да өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттыра түседі дейді.

Президент Жолдауында кәсіптік білім беру саласына реформа жасаудың өзекті екенін айтты. Бұл – ел экономикасының өсімін арттыруға және инвестиция тарту үшін жасалған аса маңызды қадам екенін жеткізді. Сондай-ақ, қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер жоғары бағалануға тиіс, деді. «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын тағы бір мәрте еске салды.

Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған азамат қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы, деді Президент.

Президент 2025 жылды "жұмысшы мамандықтары" жылы деп жариялады. Сондықтан құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп сияқты кез-келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға көңіл бөлініп, мәртебесі артпақ.

Мемлекет басшысының жұмысшы жылын жариялауы бекер емес. Елде құрылыс, су, энергетика сияқты салаларда маман тапшы. Сондықтан бұл мамандықтарға грант көбірек бөлініп, шетелдің белгілі 23 университетінің филиалдары ашылып жатыр. Бірақ жоғары ғана емес, кәсіптік білім беруге де көңіл бөлуіміз керек. Тіпті қарапайым қызметкерлерге берілетін құрметті атақ бұдан былай мемлекеттік марапаттар санатына қосылмақ.