Алматыда дәстүрлі садақ атудан ұлттық құраманың көшпелі оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Құрама қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады. Оқу-жаттығу жиынына 12 спортшы қатысуда. Оның ішінде 6 ер адам, 4 қыз көшпенділер ойындарының ережелеріне сәйкес сынға түспек. Бүгінде спорттың осы түрі бойынша Көшпенділер ойындарына қатысуға 35 ел тіркелген, бұл деген 300-ге жуық спортшы. Естеріңізге сала кетейік, республикалық садақ ату федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді.