Құқық – қоғам өмірінің негізі. Заң мен тәртіптің сақталуы адамдардың бейбіт әрі қауіпсіз өмірінің кепілі. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізіп, Қазақстанды қауіпсіз елге айналдыру жоспарын көздеп отыр. Бұл жөнінде тиісті тапсырмалар беріліп, орындалып та жатыр.

Заң мен тәртіп – тыныштық кепілі. Шығыс өңірінің тәртіп сақшылары мереке қарсаңында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Шырша» жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Полиция қызметкерлері сауда орындары мен көшелерде қылқан жапырақты ағаш сатуға рұқсат беретін құжаттарды тексеріп жатыр.