Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында полиция департаментінің қызметкерлері облыстық ТЖД-мен бірге рейдке шықты. Нәтижесінде сауда орындарында пиротехниканы заңсыз сату фактілері анықталды. Мамандар 200 данаға жуық контрафактілік өнімді тәркіледі.

Өңірде пиротехниканың заңсыз саудасын анықтау бойынша 340-қа жуық рейд жүргізілген. Нәтижесінде бекітілген талапқа бағынбағандар анықталды.

Рейд барысында ҚР ӘҚБтК 196-бабы бойынша 21 әкімшілік хаттама толтырылды. Облыстық ТЖД қызметкерлері пиротехникалық өнімдерді тек арнайы жабдықталған, лицензиясы бар орындардан сатып алу керектігін ескертеді.

Егер пиротехниканың сақтау мерзімі өтіп кетсе сала мамандары оны пайдаланбауға шақырады.