Жаңа жыл қарсаңында Өскеменде мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен ардагерлерге арналған мерекелік шара өтті. Жиында ардагерлердің өңірді дамытуға қосқан үлесі, кәсібилігі, жас мамандарға жеткізген бай тәжірибесі ерекше аталып өтті.

Қазіргі таңда Өскеменде мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен 95 ардагер тұрады. Олар әр жылдары мемлекеттік органдар мен облыстық мәслихат құрылымында қызмет атқарған.

Шара барысында облыстық филармонияның әртістері, Аяз ата мен Ақшақар ардагерлерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Салтанатты жиын соңында қарттарға мерекелік сыйлықтар табысталды.