Аймақта сот орындаушылардың қызметіне бақылау күшейді. Сондай-ақ, зияткерлік меншікті қорғау саласында да атқарылған жұмыс көлемі ауқымды. Бірегей өңірлік брендттерді ілгерілету ісіде қарқынды. Бұл туралы шығыстағы Әділет Департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаев мәлімдеді.

Жыл басынан бері қарызды өтеу мақсатында 299 миллион теңгеден астам қаржы өндіріліп, оның 35 миллион теңгеден астамы мүлікті сату арқылы түсті. Жеке сот орындаушыларға қатысты 175 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 10 заң бұзушы тәртіптік жауапкершілікке

тартылды.

Биыл мемлекеттік географиялық көрсеткіштер тізіліміне үш жаңа бренд енгізілді: «Шығыс Қазақстан бал сусыны», «Катонқарағай табиғи балы» және «Тұғыл балық сүбесі». Жалпы, 7 өтінім беріліп, олардың 5-еуі оң нәтижесін алды. Өңірде жергілікті өнімдерді ілгерілету жұмыстары әлі де жалғасын табады.