Қасым Қайсенов кетінің мәдениет үйінде ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған Ұлан ауданы әкімінің шыршасы өтті. Әр ауылдық округтен келген балаларға түрлі тәттілер таратылып жаңа жылдық қойылым көрсетілді.

Мерекелік жиынға ерекше күтімді қажет ететін 50-ге жуық бала қатысты. Жаңа жылдық кешке жиналғандарға белгілі мультфильм кейіпкерлері мерекелік көңіл күй сыйлап, шағын қойылымдарын ұсынды. Ал ғажайыптар әлеміне саяхат шеккен балалар Моанамен ән айтып, би билеуге мүмкіндік алды. Ата-аналар жағы мерекелік шараға дән риза. Айгүл Рахымбаева зейнеткер. Ол Ерден Әскербек есімді немересін шырша тойына ертіп келген.

Шараға Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов та қатысып, бүлдіршіндерге ізі тілегін жолдады. Арнайы сый-сиапаттарын тарту етті.

Ұлан ауданы бойынша ерекше күтімді қажет ететін 110 бала тіркеуде. Оларды тасмалдау үшін биыл маусым айында инватакси сатып алынды. Қазіргі таңда инватакси балаларды Өскемен қаласына, балабақшаға, оңалту орталығына уақытында жеткізеді.

Шара соңында бүлдіршіндерді Аяз ата мен Ақшақар келіп құттықтап, ерекше көңіл-күй сыйлады.