ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аймақтағы департаменті жылды қорытындылады. Өңірде жол құрылысы саласында жемқорлық тәуекелдері анықталған. Жемқорлықпен күресте қоғам саналы түрде бірлесе әрекет етуі тиіс. Әйтпегенде бармақ басты, көз қыстылық әрекеттерді түбегейлі жою мүмкін емес, дейді департамент өкілдері.
Аймақтағы жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері ауқымды жұмыс нәтижесінде анықталған. Тексеріс барысында жол құрылымдарын жөндеу кезінде атқарушы органдар кепілдік мерзімін бір жылға жасасқан. Ал заң аясында мұндай құжат 2 жылдан 6 жылға жасалуы тиіс. Бұдан бөлек, Бұқтырма жағалауындағы демалыс үйлерін қолданысқа беру кезінде де заң бұзушылық анықталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері орман қорын сақтау бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізген.Орман қоры аумағына жататын жер учаскелерін жеке меншікке беру, заңсыз иемдену әрекеттерінің де жолы кесілген.